№40 шағын орталықты орта мектебінің директоры
Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы
Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасының иегері
Шу ауданы әкімдігінің №40 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1999 жылы құрылған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында 1 сәуір 2011 жылы заманауи жаңа мектеп 870 орындық ғимараты қолданысқа берілді. Оқушы саны-1082 сынып-жиынтығы-50. Екі ауысымда оқытылатын аралас мектеп.
бірінші ауысымда - 30 сынып жиынтығы, оқушы саны-643 /59.4%//,
екінші ауысымда сынып жиынтығы-20, оқушы саны-439 /40.5%/
Мектепалды даярлық тобында -116 тәрбиеленуші, топ саны-5.
Мектеп ғимарат 6 блоктан тұрады:
1 блокта - медкабинеттер, кітапхана, әдістемелік кабинет, оқу кабинеттері
2 блокта- шағын орталық, мектепалды даярлық топтары және бастауыш сынып оқу бөлмелері, мультимедия кабинеті;
3 блокта - интернетклуб, компьютерлік-лингвистикалық зертхана,
4 блокта - асхана, акт залы;
5 блокта- мата өңдеу, металл өңдеу, ағаш өңдеу шеберханалары мен кулинария кабинеті;
6 блокта- екі спорт зал, спорттық үйірмелерге арналған кабинет, хореография студиясы орналасқан.
Мектеп жанынан «Айналайн» 75 орындық шағын орталық бар. Шағын орталықта тәрбиеленушілер саны-75, топ саны-3.
Мұғалім саны-90, жоғары санаттысы-30, І санаттағылар саны-20, біліктілік потенциалы 55,5% құрайды.
Мемлекеттік марапаттауы бар мұғалімдер саны- 6.
«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 1 тарих пәні мұғалімі Нұралиева Гүлнар Мырзаханқызы.
Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасының иегерлері-5
1. Мектеп директоры - Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы,
2. Тарих пәні мұғалімі - Нұралиева Гүлнар Мырзаханқызы,
3. Информатика пәні мұғалімі -Кийкбаева Эльмира Дабысқызы,
4. Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Алдабергенова Ләззат Тұрарқызы,
5. Технология пәні мұғалімі - Байқұлов Алмас Сейсенұлы.
Сонымен қатар деңгейлік курсты меңгерген 17 пән мұғалімдері дәріс береді. Оның : І деңгейден өткен мұғалімдер саны-5,
ІІ деңгелі пән мұғалімдер -4,
ІІІ деңгейден өткен мұғалімдер саны-8.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты мен көздеген міндеттері сапалы білімді арттыруға бағытталған білім беру жүйесін қалыптастыру, жоғары білікті кадрлар мен қамтамасыз ету және ғылыми-педагог кадрларды даярлау, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, педагог қызметкерлердің еңбегі мемлекет тарапынан қолдау табу және шығармашылық еңбекті ынталандыруды күшейту болып табылатындығы мәлім. Қоғам талап етіп отырған нәтижелерге бүгінгі мұғалім қол жеткізіп отыр ма деген мәселе жан-жақты қарастыруды талап етеді.
Бүгінгі таңдағы мұғалімнің моделі қандай болу керек және кәсіби құзыретті мұғалім болуына не кедергі деген сауал туындауда.Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын ендіруде өз үлесін қосу, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуі керек.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды практикада нәтижелі қолдану үшін мұғалім үздіксіз білім беру жүйесіне ынталы болғаны дұрыс. Сыни ойлай білуі, өзіне де, айнала ортаға да позитивті көзқараста болғаны аса маңызды. Мектепте пән мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар ұйымдастыру, бір-бірінің сабақтарына, іс - шараларға қатысу жеткілікті мән беру қажет. Педагаог қызметкерлердің белгілі бір технологияларды қолданғанға дейін және одан кейінгі оқушылар үлгеріміне мониторинг жүргізу біраз жайлардың себебін ашуға жәрдем болады. Сөйтсек те, оқу үдерісіне инновация енгізу мен оқушылар білімінің жетістігі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс орнату қиын. Дегенмен,көрсеткіш нәтижелерін байқау үшін деңгейлік курстан өткен мұғалімдер сабақ беретін сыныптардың білім сапасын зерделеп көрдік. Біздің фокусымызда жақсы оқитын оқушылармен бірге орташа оқитындар да басты назарда тұрды. Сабақтарда 7 модуль мен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу оқушының орта топтан жақсы оқитындар тобына неғұрлым тезірек ілгерілеуіне оң ықпал ететіндігін аңғардық.
«Құзіреттілік-маманның сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы» делінген. Осыған орай«біздің мектеп мұғалімдерінің шығармашылық деңгейі қандай, кәсіби құзыретті мұғалім деңгейіне сәйкес келе ме?»деген заңды сұрақ әдістемелік жұмыстың өзегіне айналуы тиіс. Осы мақсатта мектепте мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, әңгімелесу, құжаттармен танысу, әдістемелік көмек көрсету, сауалнама қорытындысы бойынша туындаған мәселелерді шешуге бағытталған шеберлік сыныптар, коучингтер, т.б. іс-шаралар жүргізіледі. Қорытындысында мониторингтік сараптама жасау арқылы мектептегі әдістемелік қызмет менеджменті анықталды.
Мектепте бірлескен оқудың тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама құрастырылып, жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде:
мұғалімдер сабақтарына әкімшілік пен әріптестерінің қатысуын қалыпты жағдай деп қабылдауы орныға бастаған;
мамандардың өздеріне сенімділігі артқандығы байқалады;
7 модульді сабақтарда қолдану жиіленген;
қатысқан коучингтерден әдістемелік көмек алып, белгілі бір дағды қалыптастыра бастаған;
әріптестерінің сабақтарына кіру жиілігі артқан;
сабақтарға қатысу, іс-тәжірибе алмасу, бірлесіп жоспарлаудың маңыздылығы мен нәтижелілігін түсінді.
Яғни, өзара әрекеттестік пен бірлескен оқу барысында қоғамдастық шарттары орныққандығы байқалды.
Мектеп директоры қандай бірегей көшбасшылық қасиеттерді меңгерсе де, оның жанында көшбасшылық әлеуетке ие пікірлестердің мықты, сауатты командасы болуы тиіс. Мектепте ол команданы жаңа форматты мұғалімдер мен жаңашылдыққа ұмтылыс білдірген мұғалімдерден тұратын өзгеріс енгізу тобы құрады. Команда мүшелерін ортақ іспен біріктіріп, батыл мақсаттар қоюға, әркімнің өзін көрсетуге мүмкіндік беру және жылы қарым-қатынас орната отырып, қол жеткізген жетістіктермен шектелмеуге шақырдым.
Өзгеріс енгізу тобының отырысында мектептің даму жоспарының басымдығына қарай мұғалім құзіреттілігінің даму динамикасын байқау үшін өткізілген іс-шаралар бойынша мұғалімдердің қатысу рейтингісін шығарылды.Мониторингте әріптестердің семинар, LS, коучинг, жиын, дөңгелек үстел, шебер-сынып, ашық сабақтарға,т.б. қатысулары бойынша жүргізілді.
Сонымен қатар мектепте «Шабыт» педагогикалық шеберханасы ашылды. Шеберханада пән мұғалімдер мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің озат тәжірибелері мен жұмыстары жинақталған .
«Адамзат шығармашылығындағы ең қиын екі өнер - тәрбиелеу мен басқару шеберлігі» деген екен данышпан, философ И.Кант. Мектеп өміріне өзгеріс әкелуде басшы үлкен жауапкершілік алады. Жұмыс уақытын тиімді жоспарлай отырып, ұжымда мазасыздық тудырмай, мұғалімдерді шығармашыл, белсенді қалыпта ұстай білу керектігін жаңашылдық енгізу кезеңде қатты сезіндім. Сол себепті 7 модульді қолдану, бөлінген көшбасшылықты жүзеге асыру, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың қоғамдастыққа тартылуын арттыру, қоғамдастық жұмысының тиімділігін желіде қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруда зор ынталылық таныттым.
Ойымды белгілі зерттеуші Джим Коллинздің «Біздің не жасайын деп жатқанымыз онша маңызды емес, оны кіммен жасайын деп жатқанымыз аса маңызды» деген сөзімен тұжырымдаймын.