1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.
Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылуда:
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына артық құжаттарды, оның ішінде «Баланың туу туралы куәлігін» талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.